Елде әлеуметтік төлем мөлшері 14,5%-ке артты

Бүгіннен бастап еңбек ету қабілетінен, не асыраушысынан айырылғанына байланысты берілетін әлеуметтік төлем мөлшері 14,5%-ға өсті.

Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы тапсырма берген еді. Мұндай әлеуметтік төлеммен еңбек ету қабілетінен айырылған 92 мыңға жуық қазақстандық пен асыраушысы жоқ 61 мың отбасы қамтылады.