Ақтөбеде тұңғыш креативті орталық ашылды

Ақтөбеде Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы жаңа креативті орталыққа айналды.

Мұндай жоба елімізде тұңғыш рет іске асып отыр. Бастысы шығармашылық және зияткерлік қабілетті дамытуға зор мүмкіндік бар.

Тұңғыш креативті орталық ең алдымен жастардың қалауын ескере отырып ашылды. Мұнда олардың туа бітті талантын датынып, қанат бітіруіне барлық жағдай бар. Әлемге танымал қаламгерлердің, дизайнерлер, сәулетшілер, аниматорлар, суретшілердің туындыларын табуға болады, Кейбірі елдің еш қаласында жоқ. Ай-Ти мамандығының алғышарттарын да меңгеруге болады. Тіпті кинозалы мен жазғы студия да мұнда келушілердің таңданысын тудырмай қоймайды.

Ералы Тоғжанов, облыс әкімі:

- Кітап қоры арқылы танысып, талай ақпарат алу бір бөлек. Екіншіден, жаңағы тик-токерлар. Қазіргі күнделікті өмірдің талаптары. Жаңағы фотостудия жасап жатырмыз, студия записи, дизайн кабинеттері. Ашығын айтқанда, қазір мына жерде оннан аса осындай үлкен мамандықтың иесі болуға болады.Жұмыс уақыты түңгі сағат 12:00-ге дейін артуға қазір шешім қабылдап отыр.

Бұл жоба креативті индустрияны дамыту туралы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігін қолдауымен іске асты. Ал қаржылай көмек көрсеткен "Samruk-Kazyna Trust" қоры. Нәтижесінде, жасөспірімдер кітапханасы енді жылына 10 мыңға дейін адамды қабылдай алу мүмкіндігіне ие болды.

Гүлжайнар Қалдина, креативті орталықтың директоры:

- Бұған дейінгі біздің кітап қорымыз 100 мыңға жуық болса, енді 5 мың кітап қоры тағы да толығып отыр. Бұл демеушілер ерекше сайтта сұраныс жолдаған болатын жастардың қатарына "кім қандай кітап оқығысы келеді"-деп.  Сол іріктелген кітаптар міне бүгін біздің  қорымызға қосылып отыр және жаңаша форматта жасақталуда.

Тың бастама әрі қарай жалғасын таппақ. Ақтөбеде тағы да бірнеше креативті орталық ашу көзделіп отыр.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев