Қазақстандағы саяси реформалар тиімділігін көрсетті
Қазақстан әрқашан дербес, көп векторлы саясат жүргізіп келеді.
Қазіргі геосаяси жағдайда да, бұл ұстанымнан айныған жоқ. АҚШ астанасы Вашингтонда елімізде жүріп жатқан саяси экономикалық реформалардың стратегиялық әсерін талқылаған сарапшылар осындай пікір білдірді. Мамандар Еуразия құрлығындағы геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанда саяси экономикалық даму жолынан жаңылмады дейді. Соңғы жылдары елді, одан әрі демо-кратияландыру бағытындағы батыл өзгерістер аймақтағы мемлекеттерге үлгі боларлық. Бұл инвестициялық ахуалға да оң әсер етіп жатыр. Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстан сыртқы ықпалға түспей, көрші елдермен оның ішінде Ресей және Қытаймен ашық, тең құқылы байланыс орната білді дейді.
Ариэль Коэн, Атлантикалық сараптама одағының ғылыми қызметкері:
- Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі алғашқы жылдардағы 2 мың доллардан 10-12 мың долларға дейін көтерілді. Даму қарқыны анық көріп тұр. Соңғы жылдары экономикалық реформалар, бюрократияны азайту, жемқорлықпен күрес тұрғысынан біраз жетістіктер болды. Орта табысты елдер қатарынан экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің қатарына қосылды.