Биыл Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана қолданысқа беріледі
Биыл Астанада 1900 студенттік орынға арналған 5 жатақхананың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2025 жылға дейін тағы 11 мың жатақхана орны тапсырылады. Нысандар жоғарғы оқу орындарының, сондай-ақ, жеке инвесторлардың қаражатына бой көтереді. Ал бүгін осы жатақханаларды салу мен жобалау мәселелері бойынша заңдық қолдау көрсететін алғашқы фронт-кеңсе ашылды.
Бүгінде елордадағы 15 жоғарғы оқу орнында еліміздің түпкір-түпкірінен келген 67 мыңға жуық студент білім алуда. Ілім-ғылым ізімен бас қалаға бет бұрған жастардың саны жыл санап артып келеді. Ел бойынша 55 мың жатақ орны тапшы болса, соның 22 мыңы Алматы, 15 мыңы Астана қалаларында. Биыл елордада 2 мыңға жуық студент жатақханамен қамтылуға тиіс. Жоғарғы оқу орындары мен жеке инвесторлар бұл бағытта бірлесе күш салуда. Есігін ашқан жаңа фронт-кеңсенің мақсаты да осы. Онда мамандар жатақхана құрылысын бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға заңдық қолдау көрсетеді. Жобалық кеңседе жоғарғы оқу орындарына студенттер үйін салу жөнінде сараптамалық кеңес беріледі.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Елорда бизнес қауымдастығына, кәсіпкерлерге үлкен үндеу тастағымыз келеді қазіргі таңда жатақхана салу, жатақхана бизнесі өте тиімді бизнеске айналуда. Мысалы Алматы қаласында оны тез түсінді кәсіпкерлер. 03-13 Осындай мүмкіндікті қолдана отырып біздің жобалық офисімізге қош келдіңіздер. Тапшылық үлкен, тұрақты бизнес-модель. Жыл сайын 10 мың студент келіп жатыр елордамызға, сондықтан бірігіп жұмыс істейік, оқушыларымызды жайлы төек орындарымен қамтамасыз етейік.
Биылдан бастап «Қаржы орталығы» Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген жаңа тетік бойынша қолдау көрсетеді. Пайдалануға берілген әрбір төсек орын саны үшін жаңа жатақхананың құрылысы субсидияланады. Сондай-ақ, студенттерді жатақханамен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында қала әкімдігі, инвесторлар мен жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық меморандумы бекітілді.