Respublica партиясының мүшелері Алаш арыстарына тағзым етті

Respublica партиясының мүшелері де зұлмат жылдар құрбандарының рухына тағзым етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаламгерлер аллеясындағы «Алаш арыстары» ескерткішіне гүл қойып, 1 минут үнсіздік жариялады. Бұдан кейін іс-шара «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» ескерткіш монументінің алаңында жалғасын тапты.

Бақытбек Хамит, Respublika партиясы орталық аппаратының жетекшісі:

- Егер бұл кісілер сол кезде қуғын-сүргінге ұшырамаған болатын болса, Қазақ мемлекеті мүмкін тәуелсіздігін де ерте алар ма еді?! Қазіргі даму жағдайы да басқаша болар ма еді?! Біздің сайлауалды бағдараламамыздың біраз бөлігі, әсіресе мына білімді жастар, еңбекқор адамдар, әділетті қоғам, осының барлығы, осы негізі, түбі Алаш зиялыларының айтып кеткен нәрселерінен өзімізге негізгі тезистерді осыдан алған болатынбыз, негізгі бағыттарымызды да.