Елімізде Аналар мен Әкелер күні мерекеленеді
Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесі «Аналар күні» және «Әкелер күні» мейрамымен толықты.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабар таратты. Үкімет қаулысымен Аналар күні мамырдың екінші жексенбісі, ал әкелер күні маусымның үшінші жексенбісі болып белгіленді. Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту мақсатында осындай мейрам белгіленген.