ҚХА мүшелері балаларды құттықтады

Оқушылар сапалы білім алуы керек. Кейін елдің өркендеуіне үлес қосуға тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары осылай деді.

Елорда мектептерінің біріне барған Марат Әзілханов оқушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Сондай-ақ мектеп ұжымымен тілдесті. Білім саласындағы бірқатар мәселені талқылады. Өскелең ұрпақтың болашағы мен олардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру бойынша әңгіме өрбітті.

Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Біздің басты мақсатымыз – жасөспірім балдарымызбен бүгін кездесіп, ортаға ой салып, ақылдасып, пікір алмасу. Балдарымыздың не армандап, қандай ой ойлап жүргендерін, елге деген қандай ойлары бар, қызмет жасау, елді сүю, осы елді көркемдету жөнінде өз ойларымен бөлісіп жатыр.