Алматыда молл «Апорт» пәтер ұтысын өткізіп жатыр
Алматы тұрғындары мен мегаполис қонақтары сауда жасап, бір бөлмелі пәтер ұтып ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осындай тамаша мүмкіндікті елдегі ең ірі молл – «Апорт» ұсынып отыр. Акция 23 мамырда басталды. Ал ұтыс 29 қыркүйекте ойнатылады. Науқанға кез келген адам қатыса алады. Шарттары да қарапайым.
Пәтер ұтысы – молл «Апорттың» клиенттері асыға күтетін науқан. Ол осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл уақытқа дейін оған 400 мыңға жуық адам қатысқан. Сондықтан ұтыс ойынының шарттары көпке мәлім. Ереже өте қарапайым. 10 мың теңгеден астам қаржыға сауда жасап, чекті ресепшнде купонға ауыстырып аласыз.
Динара Амренова, молл «Апорт» маркетинг департаментінің директоры:
- Ұтыс ойыны осы жылы 23 қыркүйекте өтеді. Бізде қайта тіркелу болады. Біздің сүйікті қонақтарымыз осыны ұмытпаса екен дейміз. Қайта тіркеу ресми ұтыс ойынына 3 күн қалғанда басталады.
Пәтер ұтып алу үшін адамның міндетті қатысуы керек. Қайта тіркеу осы үшін қажет.
Динара Амренова, молл «Апорт» маркетинг департаментінің директоры:
- Биыл бір бөлмелі пәтер тігіледі. Ол Құлжа трактіндегі үйде орналасқан. Біздің серіктесіміз «Элитстрой» құрылыс компаниясына алғыс білдіреміз. Олар бізге екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп отыр.
Егер молл «Апорттың» ішінде орналасқан «Магнумда» сауда жасасаңыз, пәтер ұту мүмкіндігі 2 еселенеді. Ол жерден 10 мың теңгеге тауар алсаңыз, бір купонның орнына екеуін береді. Пәтерден басқа да бағалы сыйлықтар көп. Тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ бар. Сондай-ақ молл өкілдері Биыл жаз «тамаша» болады дейді. Танымал блогерлермен автошоу, қаланың ең үздік стилистерімен фейшн-дэй өткізу жоспарланған. Ал бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні шеберлік сабақтары, мамандық жәрмеңкелері мен концерт өтті. Молл «Апортта» өткізген бұл күн ұзақ уақыт олардың естерінде қалары сөзсіз.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев.