Балалар демалысына 94 млрд теңге бөлінеді

Министр биыл жазғы демалыс лагерінің жұмысын ұйымдастыруға 94 миллиард теңге бөлінетінін айтты.

Ғани Бейсембаев сұхбат барысында 2 миллионнан астам баланы сауықтыру мақсатында 218 саяжай іске қосылатынын жеткізді. Сонымен қатар, 10 мыңнан астам мектептің жанынан құрылған лагерьлер де өз жұмысын бастайтын болады. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдарға тапсырма жүктелді. Жауаптылар дайындықты бастап кетті.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі: 
- Бірінші рет жаз бойы қосымша білім беру орталықтары, оқушылар сарайы, өнер мектептері ала жаздай өзінің есігін ашып, егер қосымша біліммен айналысатын болса, мүмкіндік туғызып отыр. Оның сыртында тегін театрларға бару, музейлерге бару мәселесі де қазір қолға алынып жатыр.