Астанада жат ағымнан жапа шеккендерді оңалту жұмыстары талқыланды
Оларға жан-жақты психологиялық қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар, қоғамға қайта бейімдеу мақсатында әлі де жұмыстар жасалып жатыр. Бұл туралы бүгін Біріккен Ұлттар ұйымының жобасы шеңберінде өткен жиында айтылды. Басқосуда жат ағымнан жапа шеккендерді оңалту жұмыстары тереңінен талқыланды. Тағы бір айта кетерлігі, қазақстандық мамандардың мұндай тәжірибесіне өзге елдер де қызығып, тәжірибе алмасқысы келеді екен.
Әлім Шауметов, «Ақниет» қоғамдық қоры директорының кеңесшісі:
- «Ақниет» қоғамдық қоры 3 бағытта жұмыс істейді. Бірінші – түзету мекемелерінде сотталғандармен, терроризммен, діни экстремизммен, сотталғандармен жұмыс. Екінші бағыт – сотталмаған жас жігіттер арасында осы радикалды жамағатпен жұмыс істейміз. Үшінші – «Жусан» операциясымен келіп қайтарылған азаматтармен жұмыс істейміз. Тәжікстан мемлекетінен делегация келіп жатыр. Қазақстанның тәжірибесін, білімін алуға, оңалту жағынан «тәжірибе алмасуға» келіп отыр.