Саясаттанушы: Астана халықаралық форумының маңызы зор
8-9 маусымда елордада Астана халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шараға Астана экономикалық форумының жетістігі себеп болды, - дейді мамандар. Бұған дейін мемлекет басшысы бүкіл әлемнің тарихи сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Ал Астана халықаралық форумы оған төтеп беру үшін құрылғанын алға тартты. Саясаттанушы Аман Мәмбеталиев те мұндай ауқымды шараның маңызы зор дейді. Қаралатын мәселе айқын, ескерер ұсыныс пен бөлісер тәжірибе де көп болады. Жемісін міндетті түрде көреміз, - дейді сарапшы.
Аман Мәмбетәлиев, саясаттанушы:
- Мысалы, Даостың экономикалық форумының өзі басында экономикалық, қаржы кездесуден басталып, ұзақ уақыт өткен соң саяси-геосаяси форумға ауысып кетті. Сол сияқты дүниежүзінде ары кетсе, 3-4 сондай шара өткізеді. Соның ішінде Astana Finance Days де бар. Бұл Орталық Азияда №1 деп айтуға болады. Сондықтан біз мұны болашаққа инвестиция деп қабылауымыз керек.