Ұлытауда «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысқа кірісті
Биыл облыстық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған науқанға жергілікті қазынадан 63 млн теңге бөлінді.
Бұл жасақ алдағы үш ай бойы елдімекендердегі орталық көшелерді абаттандыруға атсалысады. Еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімінде жастарға төтенше жағдайларда әрекет ету жолдар түсіндірілді. Жалпы облыс бойынша жасақ құрамына 500 жас тартылды. Келер жылы бұл көрсеткішті екі есе ұлғайту жоспарда.
Тәңірберген Жанатов, «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі:
- 14 жас пен 16 жастағыларға 70 мың теңге деп жоспарланған. Заңнамаға сай салық төлегеннен қалғаны қолына 50-60 мың теңге көлемінде алады. 16-18 аралығындағы жастардың да сағаттары қысқа болады. Олар 80 мыңның жобасында алады. Ал 18 жастан асқандарға 105 мың теңге.