Ақтөбе облысында шегіртке қаптап кетті

Үйірімен ұшқан зиянкестер шалғайдағы ауыл тұрғындарының берекесін қашырды. 

Жергілікті халық, жәндіктердің күрт көбейіп кеткені жайында әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Мұны мамандар да растап отыр. Шегіртке 700 мың гектар жерге, яғни өңірдің алты ауданының аумағына  тарап үлгерген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда алты есе көп.

Бірақ жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, егістік пен жайылымға немесе шабындық жерлерге жәндіктен келер қауіп жоқ. Десе де, шегірткеге қарсы шаралар күшейтілді.  

Арыстанбек Жақыбаев, облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Қазіргі таңда бүкіл алты райондарда жұмыс - химобработка жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ.  Қазіргі таңда препараттармен жұмыс істеп жатырмыз. Июльдің аяғына дейін бітіреміз.