Елде қаржы пирамидасы құрбандарының саны 3 есе артты

 

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша, «инвестициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабымен 45 қылмыстық іс тіркелген.

Өңірлерден Алматы қаласы көш бастап тұр. Өткен жылы 4 жағдай тіркелсе, биыл оның саны 7-ге жетіп отыр. Ал Шығыс Қазақстан облысында 5, Астанада 4 және Абай, Қарағанды аймақтары мен Шымкент қаласында 3 қылмыс жасалған. Ең сорақысы, 11 жасқа дейінгі алты бала пирамиданың құрбаны болған. Ал ең көп зардап шеккендердің жасы 30 бен 39 жас аралығында. Сондай-ақ 20-ға жуық 60 жастан асқан кісілер алаяқтардың арбауына түсіп, алданып қалған.