Солтүстік өңірге Пайғамбардың шашы әкелінді

Солтүстік Қазақстан облысына Мұхаммед Пайғамбардың мүбәрак шашы әкелінді.

Арнайы құтыға салынған асыл жәдігер жергілікті халық көрсін деген ниетпен уақытша ислам мәдениеті музейіне қойылды. Бірінші болып балалар тамашалады. Жалпы Пайғамбардың шашы қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғынының қолында екен. Ерте кездері оны өзбекстандық ғалымдар сыйлаған. Арнайы құжаты да бар. Ал ол «Тасаттық» намазы оқылған кезде өңірге береке әкелсін деген ниетпен жеткізілген. Бүгінде еліміздің солтүстігінде аптап ыстық. Ауа-райы 35 градустан төмендемей тұр. Сондықтан мұсылмандар қауымы Алладан жаңбыр сұрап, діни рәсім ұйымдастырып  жатыр.    

Қалиолла Маджанов, «Қазақстан қажлар қауымдастығы» Түркістан облысы филиалының төрағасы:
- Әмір Темірдің кезінде қызмет қылған үлкен ғұлама кісілердің ұрпақтарынан ұрпақтарына, аталарынан жетіп отырған, сақтап отырған. Бұл тек бір кісінің үйінде тұрмау керек. Халық көру керек. Халық сол жерде салауат айту керек. Пайғамбарға деген сағынышын сол жерде басу керек, соны көріп
.   

Хамзат Қажымұратұлы, Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы:
- Елге дүға жасау, жаңбыр тілеу. Егініміз, еккен дақылдарымыз бітік шықсын деген мақсатта осы «Тасаттық» намазын оқығалы отырмыз. Енді әлбетті бұл істің берекесін арттырудағы мақсаты - Пайғамбарымыздың мүбәрак шашы. Арнайы алдыртып отырмыз. Енді бұл Пайғамбарымыздың әрбір жүрген жері берекелі болған ғой. Сол бір берекесі тие ме деген мақсат. Сол енді адамдардың ниетіне байланысты. Осы қаламызда бүгін болады. Өңірімізде, аудандарда болады.