Ә.Смайылов Халықаралық валюта қоры өкілімен кездесті
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті.
Тараптар ел экономикасының нақты, бюджеттік, қаржы секторларын дамыту жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі талқылады. Жақын арада Алматы қаласында Кавказ, Орталық Азия елдері және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығын ашу жоспарланып отыр. Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстан экономикасы өсу қарқынын сақтап отыр. Мәселен, қаңтар-сәуір айларында өсім көрсеткіші 5%-ті құрады. Соңғы 10 жылда 28 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Шаралар кешенін іске асыру есебінен 2030 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтерін 100 млрд долларға дейін арттыру көзделіп отыр. Өз кезегінде Николя Бланше Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті дамытуға дайын екенін айтты.