Астана қаласындағы су тапшылығы шілдеге дейін шешіледі
Бұл жайында елорда әкімі мәлімдеді.
Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында Астана жұртына үндеу жасап, тіршілік нәріне қатысты тапшылыққа тоқталды. Қазіргі уақытта қалаға тәулігіне 25 мың кубометр су жетіспейді. Бұған қоса жасыл желекті суару жұмысы басталды. Сұранысты өтеу үшін жаңа сорғы станциясы салынып жатыр. Жеңіс Қасымбек бұл нысанның құрылысы маусым айының аяғында толық аяқталатынын айтты. Және қалаға қажетті 25 мың кубометр су беріледі. Бұған қоса «келесі аптада тағы бір су құбырының құрылысы бітеді», - деді әкім.