Қостанайда «Qnet LTD» басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталды

Ол қаржылық пирамида құрды деп айыпталған.

Күдікті қаржылық пирамидасына азаматтарды тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуға шақырған. Аймақта 30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын келген, бірақ бұл сома толық өтеліп, тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды.