ЮНЕСКО басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одре Азуленің Түркістанға сапар шегуі тегін емес. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген еді. Мемлекеттік кеңесші, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйым басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралар жөнінде мағлұмат берді.

Негізі ЮНЕСКО-ның бас директоры Қазақстанға Астана халықаралық форумына қатысу үшін келді.