Алматыда жас архившілердің халықаралық жазғы мектебі басталды
Оған өз елімізбен қоса Қытай, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия мен Орталық Азия елдерінен келген 100-ден аса мұрағатшы қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар 3 күн бойы «Архивтің ашықтығы мен қолжетімдігі» тақырыбын талқылайды. Саладағы түйіткілдерді ортаға салады. Құжаттарды қайта қалпына келтіру жөнінде тәжірибе алмасады. Сонымен қатар қорды сақтау мәселесіне, оны цифрландыруға қатысты жаңа технологиялардың заманауи әдістерімен танысады. Шара аясында білікті мамандар дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізеді.
Әлия Мұстафина, ҚР Президенті архивінің директоры:
- Осы 6 жыл ішінде жас архившілер мектебіне 900-ден астам қатысушылар қатысты. Биыл біздің жазғы мектебімізге алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктері мен Түрікменстан Республикасының өкілдері қатысады. Осы жылды атап өтсек, біздің тақырыбымыз архивтердің ашықтығын қамтамасыз ету және құжаттардың қолжетімділігі мәселелеріне ерекше назар, көңіл бөлінетін болады.
Жанна Байдоллаева, Түркістан қалалық мемлекеттік архивінің директоры:
- Түркістан қалалық мемлекеттік архивында 80 мыңдай құжат сақталады. Бүгінгі болып жатқтпн жас архившілер мектебі бізге жан-жақтан тәжірбие алмасуға және өз ойымызды жұмыс барысында болып жатқан жағдайларды ашып түсіндіру және бөлісу деп ойлаймын.