Транскаспий халықаралық көлік бағыты жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
«Бір белдеу, бір жол» бастамасында Қазақстан басты рөлге ие болады.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Қытайды Еуропалық Одақпен байланыстыратын орта дәліз, немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Соның арқасында тауарды Үнді мұхиты арқылы тасымалдау мерзімі екі есе қысқарады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Адамдар арасындағы физикалық байланысты нығайтуға, сондай-ақ серіктес әрі дос ретінде қоғамдастықтар арасындағы байланысты күшейтуге тырысамыз. Осыны ескере отырып, Қазақстан жаһандық, ең бастысы сенімді сауда-экономикалық серіктес екенін айта аламыз.