Бүгін - Астана халықаралық форумының екінші күні
Шара кешеден бері жаһандық проблемалардың шешу жолдарын қарастыратын диалог алаңына айналды.
Оған 40-тан астам мемлекеттен 400-ге жуық делегат қатысып жатыр. Бүгін де Елордадағы Конгресс орталығында форумның пленарлық отырыстары жалғасын табады. Сондай-ақ, жалқыдан жалпыға: «жасыл экономикаға» көшуді қаржыландыру, көміртекті бейтараптықтың экономикалық және экологиялық салдары, өңірлерде жаңартылатын энергия көздерін дамыту сынды бірқатар сессиялар өткізіледі. Онда отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар өзекті мәселелерді талқыға салады.