Air Astana компаниясына айыппұл салынды
Билет құнын негізсіз өсіргені үшін Air Astana әуе компаниясына 7 млрд теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен көлік прокуратурасы тексеріс жүргізіп, компанияның нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланғанын анықтады. Олар әр билеттің құнына жанармай алымын қосып отырған. Тағылған айып расталып, сот Air Astana кінәлі деп таныды.