Елде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалады

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруын жеңілдету үшін елдегі 22 мың нысан жаңғыртылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – алдағы 3 жылға арналған жоспар. Республикалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді. Арнайы жол картасына сәйкес жыл сайын 54 мың нысанның инфрақұрылымын жаңарту керек. Пандус, лифт және қолайлы әжетхана салып, тактильді тақталар мен бағыт-бағдар белгілерін орнату қажет. Қазір бұл жоспар тек 40%-ке орындалды.

Шілдеден бастап мүгедек адамдардың құқығын әлеуметтік қорғау үшін қоғамдық орындарда мемлекеттік инспекторлар жұмыс істейді.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы:

- Егер мүгедек бір мекемеге кіріп, сол мекемеге кіре алмаса, кіргеннің өзінде дәретханасы, қызмет көрсететін орындары стандарттарға сәйкес келмесе, 20 өңірдің мемлекеттік департаменттеріміз бар. Сол департаменттердің ішінде бөлім осындай мекемелерді тексеретін.