Шымкентте 316 киберқылмыс тіркелді
Шымкентте жыл басынан бері 316 киберқылмыс тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Полицейлер жәбірленушілердің арызын-шағымдарын зерделеп, алаяқтардың арбау әрекеттерінің түрленгенін анықтаған. Алдын алу үшін байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионға жуық телефон қоңырауы бұғатталды. Жәбірленушілер саны әлде қайда көп болуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. Шаһарға жұмыс сапарымен барған министр тұрғындармен кездесіп, талап-тілегін тыңдады. Жиында қылмыстың бұл түрімен күресті күшейту үшін «Киберпол» пилоттық жобасы іске қосылатынын айтты.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Бұл киберқылмыстардың өзінің жасау ерекшеліктері бар. Шығын сыртқа кетіп қалмас үшін сол дер кезінде шектеу қою мәселесі, сол ұрланған қаражатқа немесе алаяқтықпен жымқырылған қаражатқа. Сондықтан бұл өзінің тиімділігін көрсетті. Әрбір үлкен қалаларда, облыстарда сол бөлімшелер болады.