Жедел штаб: Абай облысындағы ахуал тұрақталып келеді

Абай облысында алапат өртке қатысты жағдай тұрақтала бастады.

Бұл туралы жергілікті штаб өкілдері мәлімдеп отыр. Жалын 60 мың гектар аумақты шарпыды. Қосымша Шығыс өңірлік қолбасшылығынан 200 адам, 8 техника көмекке келді.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Әрине мынадай алапат өрт жағдайында бір тамшы жаңбырдың өзі көп көмек.

Жедел штаб өкілдерінің ақпаратынша жағдай аздап болсын тұрақталып қалды, көрсеткіш соңғы 60 мың гектар аумақтан асқан жоқ. Облыстық штабта жедел желі іске қосылды. Таңертең Талица, Барышева, Камышенка ауылдары жақта өрт ошағы тіркелігенін айтуда. Успенская, Поднебесная ауылдарында да жалынмен күрес жүріп жатыр. Орманшылар мен құтқарушылар жалынмен алысып ел алаңдап отырған кезде, тарап жатқан жалған ақпараттар көбейіп кетті. Сондықтан жергілікті мамандар мұндай дақпырт тек жұртты дүрліктіреиін айтып,сақ болуға шақырады.

Медет Жайдарбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Қандай жалған ақпарат тарап жатыр өңірдегі өрт жайлы,халыққа қалай әсер етіп жатыр?

Әрине жақсы емес. Осындай қысылтаяң кезде әбден алаңлатып тұр мәселен, Шүлбіге ГЭС-ке өрт жетті. 14 орманшының бәрінің денесі табылды деген. Сақ болып. Тек ресмиге сеніңіздер.

Штабтан тағы не жаңалық бар? 

- Штабта жұмыс қызу білуімізше. Техника тікұшақ бәрі жұмылдырылып жатыр. Мәселен, барлық тікұшақтан осы күнге дейін 200 тонна су шашылған екен.