Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 318 адам қаза тапты

Қазақстанда жыл басынан бері жол көлік оқиғасынан 300-ден астам адам қаза тапты.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Алматы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында өлім-жітім көбейген.

Өкінішке орай, балалардың қатысуымен жол апаты жиілеген. Статистика бойынша күн сайын еліміздің жолдарында бір бала қаза тауып, 10-нан астамы жарақат алады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 6 мыңға жуық адам көлік жүргізу құқығынан айырылды, тағы 8 мыңға жуығы қамауға алынды.