Өрт аумағындағы халыққа медициналық көмек. LIVE
Абай облысындағы алапат өрт қауіптілігі бойынша ең жоғары, 5-санатқа жатқызылды.
Төтенше жағдай жергілікті жұртқа оңай тимей тұр. Әсіресе 14 орманшының қазасы, өрттің дес бермей тұрғаны аяқ астынан жасалған эвакуция тұрғындарға үлкен соққы болды. Сондықтан бұл жақтағы адамдарға псхологиялық медициналық көмектің маңызы зор. Халық арасында мұндай көмекке мұқтаждар бар ма?
Эльмира Ахметова, тілші:
- Бұл жағдай әсіресе осы орманшылық маңындағы ауыл тұрғындарына аса ауыр тиіп тұр.
Тіпті эвакуция жасалмаған жұрт та әбден абдырап қалды. Сондықтан медицина мамандарынан көмек сұрағандар біршама болды. Бірінің жүрегі ауырса енді бірінің қан қысымы көтерілген. 25 адамға апат медицина орталығы қолдау көрсетті тиісті. Оның бәрі алаңдаушылықтан туынндап отыр дейді мамандар. Тағы кімдерге көмек көрсетілгенін сұхбаттан білейік.
Төлеген Иманбаев, ШҚО Апаттар медицинасы филиалы басшысының орынбасары:
- Аяқ- қолы жарақат алғандар. Басқа жарақат алғандар, ушиб, ранение бар, ондай көбіне оның ішінде өрт сөндіругілер аоыстаникелген аскери қызметкерлержәне эвакуация жасаған үш ауыл тұрғындар да келіп ауырған жағдайларын айтып оларға көмек көрсетп жатырмыз.
- Қай орманшылық өртеніп жатыр қазір?
Олар Каштак, Успенка, Батпай, Талица, Камышенская орманшылықтары және Жирневка орманшылығының шеті.Енді бір қуантатыны өрт ауқымы 60 мыңнан 40 мыңға азайды.