Жамбыл ауданының шаруалары құлпынай өсіруге ден қойды
Алматы облысы, Жамбыл ауданының шаруалары дәстүрлі арпа мен бидайдан бөлек құлпынай өсіруге ден қойды.
Биыл жергілікті шаруа шағын ғана жылыжайдан мол өнім жинады. Табысты кәсіп бастаған ол алдағы уақытта отандық құлпынай түрін шығаруды ойлап отыр.
Құлпынай – жарықсүйгіш, суыққа төзімді өсімдік. Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жидегі тәтті, хош иісті. Шаруашылық басшысы құлпынайды үш жыл бұрын өсіре бастады. Жылыжай жағдайында бұлдірген тұқымдас жемісті қыстай өсуруге мүмкіндік мол. Биыл 40 тонна өнім жинады. «Құлпынайдың табиғи түрі тек Еуропада өседі. Мақсат отандық жаңа түрін шығарғымыз келеді, – дейді кәсіпкер
Тимур Маратұлы, жылыжай басшысы:
- Алға қойған мақсаттардың бірден бірі қазіргі таңда аграрлық университеттің жұмыскерлерімен бірігіп, өзіміздің Қазақстандық ұлттық өнім дамыту сапасында қазақстандық сұрыпты ойлап табуға қазір жұмыстар істеліп жатыр.
Жалпы серікстестік иелегінде 20 гектар жылыжай бар. Соның тек 2 гектарында ғана көкөніс өсіріледі. Құлпынай толық жиналды. Енді қияр мен қызынақ пісе бастады. Істі бастап, кәсіпті жүргізуге 300 млн.теңге инвестициялық қаржы тартылған. Биыл аудан көлемінде көкөніс алқаптарының көлемі де ұлғайып отыр.
Нұрлан Ертас, Жамбыл ауданының әкімі:
- Көкөніс елу га ұлғайды. Барлық егілген дәнді дақылдар 50 180 га құрады. Бақша өнімдері 600 га құрады. Биылғы жылы 16 714 тонна минералды тыңайытқыш қолдану жоспарланған.
Жалпы елімізге бұл жеміс негізінен Түркия мен Қырғызстаннан импортталады. Ал жылыжайда құлпынай мен өзге де бүлдірген тұқымыдас жемістерді алты ай өсіруге болады. Алматы облысында құлпынай өсіру ісімен оншақты шаруа қожалығы ғана айналысады.
Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев