«Қызғалдақ» фильмі үлкен экранға қайта оралды
Көрермен қауымның ерекше ықыласына бөленген қазақстандық «Қызғалдақ» фильмінің кейіпкерлері 15 жылдан кейін бас қосты.
«Шопан боламын» деп туған ауылына оралған теңізші Асхаттың өмірін бейнелеген картина үлкен экранға қайта оралды. Атаулы күннің құрметіне орай шығармашылық ұжым Шымкентте жиналды. Мегаполиске жақын Бетпақ далада 4 жыл бойы түсірілген фильмде қазақ ауылының салт-дәстүрлері суреттеледі. Түсірілім барысында актерлер шопандардың тауқыметті өмірін шынайы жеткізу үшін киіз үйлерде тұрып, ұзақ уақыт мал соңында жүрген. Фильм көптеген халықаралық марапаттарды жеңіп алды. 2008 жылы Канн кинофестивалінде ерекше жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 2009 жылы «үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша Оскарға ұсынылды. Фильмнің 15 жылдығына арналған көрсетілімдер бұған дейін Парижде, Алматыда және Мәскеуде өткен болатын.
Сергей Дворцевой, режиссёр:
- Бұл өте ерекше оқиға, өйткені фильм барған сайын танымал болып келеді, бұл таңқалдырды бізді. Бастапқыда көрермендер аз болғанымен, біртіндеп көбейіп келеді. Әсіресе жастар жағы көбірек ұнатады. Біз бастаған кезде барлық актерлер дебютанттар болған еді. Ал бүгінде олар Қазақстанның үздік актерлерінің бірі.