Шүлбіге қарай ауған өрт ауыздықталды. LIVE
Абай облысында Шүлбі жаққа тарап бара жатқан жалын ауыздықталды.
Бұл туралы өрт ошағында болып, құтқарушылармен бірге отпен арпалысып келген Төтенше жағдайлар министрлігі, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дер-бісов мәлімдеді. Ол "жалын ортасындағы жігіттердің еңбегін қаһармандық деп тану керек" дейді.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Өрт тоқтамай тұр. Бірақ өршіп барады деуге келмейді. Бүгінгі жақсы жаңалық осы боп тұр. Жирневка, Каштак, Шүлбі бағытында жұмыс күшейген. Күн түн дамылсыз еңбек етіп жатқан құтқарушылар жалын аумағын кеңейтпей тұр. Дегенмен орман тортайып қалды. Қатты түтін салдарынан аумақтың мөлшерін байқау да кейде қиынға соғып тұр екен. Қатты жел Шүлбі жаққа отты әкете бастағанда барлық күш ол жаққа жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер тікелей өртті сөндіріп жатса, әскерилер ыстық нүктелерді күрекпен қопарып, жауып жатыр екен. Ал шаруашылық техникалары жер жыртып, бөгет жасап жатыр. Солай жан-жақтан кешенді тойтарыс беріліп жатыр қызыл жалынға. Оның бәрін бізге сол Шүлбі жақтағы жалын ортасынан келген Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мәлімдеді. Тіпті ондағы азаматтардың жанталасына қарап тұру оңай емес дейді ол. Сондықтан түнімен өрт сөндіру операцясына өзі де қатысып келген екен. Қазір сұхбатын тыңдап көрсек.
Нұрболат Дербісов, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:
-Кеше түнге дейін біз ауыздықтап үлгердік кешке қарай оннан кейін жел қатты көтеріліп, біраз әбігерге салды. Жоғары кетті төмен кетті, мен өзім тікелей Алматы, Астана қаласының ТЖД қызметкерлерімен өзім тікелей басшылығыммен сол жерде болдым. Жеке құрам басында болып өшіруге тырыстық.
Кеше кештен бері жел тіпті күшейді. 20 метр сек жетті. Бұл адамдарғға да өрт сөндіру техникасына да қауіпті. Жалын жоғарыда шарпуы мүмкін. Сондықтан кей өрт ошағынан көліктерді 20 км алыстауға тура келіпті. Әзірге сол өрт аумағы өзшерген жоқ. 1900 адам, 390 техника жұмылдырылған. Енді шамалап айтсақ, бір-екі күн ішінде от оқшаулануы мүмкін дейді штаб өкілдері. Сол күнді біз де асыға күтіп жүрміз. Ең бастысы, адам шығыны болмай, қарсы сөзді естісек дейміз.