Өртке байланысты жедел желіге 188 рет қоңырау шалынған

Абай облысында түнде жауын сіркіреп, ел-жұрт үміттеніп қалғанымен одан қайран болмады.

Қазір өртпен күрес төрт аумақта жүргізіліп жатыр. Таңертеңнен бері 600 тонна су шашылды. Жалпы өрт басталғалы 6 мың тоннадан астам су жеткізілген. Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 188 рет қоңырау шалыныпты. Қажет жағдайда Төтенше жағдайлар қызметінің экранда көрсетілген номерлеріне хабарласуға болады.