Семей орманындағы өрттің беті қайтты
Ормандағы өрттің беті қайтты.
Тек оттың орны бақылауда болып, әлі де топырақ төгіліп, су себіледі. Кешкі тоғыздың кезінде аумақта әуеден барлап шыққан төтенше жағдай вице-министрі Марат Күлдіков осылай деп мәлімдеді. Ең бастысы, Абай облысында неше күннен бері елді алаңдатқан өрт ошақтары жойылған. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Бұлақ ауылының тұрғындары үйлеріне қайтты. Бұған дейін ауылдан ұзын саны 117 адам, оның ішінде 50 бала қауіпсіз жерге көшіріліген еді.