Алматыда геокеңістік инженериясының дамуы талқыланды
Азаматтық құрылыс, сәулет, тау-кен ісі, экологиялық инженерия саласына енген жаңашылдық қандай?
Осы мәселе Алматыда Сәтбаев университетінде өткен халықаралық конференцияда талқыланды. Жиынға АҚШ, Италия, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытай, Нигерия ғалымдары қатысты. Мамандар фотограмметрия және қашықтан зондтау саласындағы зерттеулер нәтижелерін баяндады. Ғалымдардың айтуынша, бұл – білімнің жаңа саласы. Оның көмегімен дүниежүзілік қауымдастық сараптамалық және картографиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік алады.
Бақыт Жәутіков, Satbayev University академиялық мәселелер жөніндегі проректоры:
- Бұл әдістер үнемі жетілдіріліп отырады. Жыл сайын жаңа құрал-жабдық шығып жатады. Осы басқосу ғалымдардың басын қосып, сол жаңа әдістерді, жаңа технологияны жылдамдатып, өндіріске енгізуді көздейді.