Cемей орманындағы өрттен түлкі күшігі тірі қалды
Өртенген орманнан табылған түлкі күшігі тірі қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әлеуметтік желіде иіс тиіп, аяқтары күйіп қалған жәудірдің видеосы тарап кеткен еді. Күшік қызыл жалыннан бас сауғалап, апанға тығылған көрінеді. «Семей орманы» резерватынан мәлімдегендей, есін жиған түлкі күшігін инспекторлар орманға жібере салған.