Ботайда қазба жұмыстары қарқын алды
Дала өркениетінің бастауы болған Ботайда қазба жұмыстары қарқын алды.
Археологтар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ботай мәдениетінің екі қонысын зерттеуге кірісті. Мамандар ежелгі ботайлықтардың тұрғын үйлері орналасқан жерлерді анықтады. Олардың кремация рәсімін жасағаны жайлы алғашқы артефактілер де табылды. Бірақ оған толық көз жеткізу үшін кешенді зерттеу керек. Биыл археологтар 260 шаршы метрден астам аумақта қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Қуаныш Шақшақов, "Ботай" тарихи-мәдени қорығының директоры:
- Бүгінде Ақмола облысында Ботай мәдениетінің 20-дан астам ескерткіші бар. Ал Солтүстік Қазақстанда шамамен 15-ке жуық. Былтыр біздің мамандар Павлодар өңірінің аумағында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ол жақта да бес жаңа ескерткіш анықталды. Яғни Ботай мәдениеті Ертістен Жайыққа дейінгі аумақта қамтып жатыр.