ШҚО-да Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған шара өтті
Шығыс Қазақстан облысында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай мерейтойлық шаралар басталды.
Қаламгерге арналған негізгі кеш тамыз айында,туған жері Қатонқарағайда өтеді. Ал әзірге мәдени басқосулар мен поэзия фестивалі ұйымдастырылды. Зиялы қауым өкілдері Оралхан жайлы естелік айтты. «Өңірде жылда өтетін «Төр Алтай жырлайды» фестивалі биыл Оралхан Бөкейге арналды. Жазушының шығармалары бұған дейін бірнеше тілге аударылды. Биыл ағылшын тілінде 3 томдық антологиясы жарыққа шықты. Шетелдік оқырман суреткердің шығармаларын ыстық ықыласпен қабылдап жатыр», - дейді қаламгер қауым.
Дәурен Қуат, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы:
- Антологиясы шыққан алты тілде соның ішінде «Кербұғысы» Еуропада керемет оқылып жатыр, бірінен соң бірі аударып,үлкен сұраныста, Бұл Оралханның бір ғана шығармасы, ал «Қар қызы» аударылса ше «Мынау аппақ дүниесі» аударылса ше, Романдарын айтпағанда, Орекең әлем әдеибиетінің өкілі тек қазақ әдебиетінің емес,әлем әдебиетінің өкілі.
Ұлықбек Есдәулет, ақын:
- Бүкіл шығармашылық өмірінде Алтайды жырлап өтті,Алтайдың ғажайып табиғатын, асыл адамдарын өз шығармаларына арқау етті, Орекең өткенмен ол кісінің шығармаларында сол кейіпкерлері міне әлі күнге дейін өмір сүріп жатыр деп айтар едік.