18 маусым - әкелер күні

Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда алғаш рет Әкелер күні аталып өтіледі.

Үкімет қаулысына сәйкес биылдан бастап Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелерімен толықты. "Аналар күні" мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде, "Әкелер күні" мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Жаңа мерекелер отбасы институтын нығайтып, аналарымыз бен әкелерімізді құрметтеуге септігін тигізері сөзсіз.