ШҚО Катонқарағай ауданындағы ұлттық табиғи паркінде өрт шықты
Алдын ала ауданы 15 Гектар.
Өртті сөндіруге "Қаз-авиа-орманды қорғау" қызметкерлері, орманшылар, өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Барлығы 111 адам, 3 бірлік техника және 2 тікұшақ жұмыс істеуде. Жетуі қиын таулы жер болғандықтан өрт сөндірушілер тікұшақпен жеткізілді. Сондай-ақ, Риддер қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының" аумағында шыққан өрт алты гектар орманды жалмаған. «Тілсіз жаумен күреске 58 адам және 9 техника жұмылдырылды. Облыс басшылығы өртті әуеден барлап, отпен күресті бақылауда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Таңғы сағат жетілерде Батыс Алтай табиғи қорығында өрт ауыздықталды»,- деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.