М.Ахметжанов: Арнайы операциядан ешкім зардап шеккен жоқ
Елорданың қақ ортасында бүкіл күштік құрылымды аяғынан тік тұрғызған қаскөйді ұстау операциясын Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов басқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның айтуынша, полицейлер басқыншыны ұстау үшін көз ашытатын газ шашқан. Арнайы операциядан ешкім зардап шеккен жоқ.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір қосымша ақпарат бере алмаймын. Тергеу-тексеру кезінде бәрі белгілі болады. Басқыншы біраз қарсылық білдірді. Бірақ оның назарына удару үшін шу шығаратын граната қолдандық.