Тұтынушылар шағымы артып барады. LIVE
Тұтынушылар құқығының бұзылуына қатысты өтініштер жыл сайын 20%-ға артып барады.
Сауда және интеграция министрлігінде былтыр 30 мыңнан астам өтініш қаралған. Шағымдар саны биыл да көбейген. Әсіресе бөлшек және электронды сауда, тұрмыстық қызметтер мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларында тұтынушылар тарапынан өтініш азаймай отыр. Нарықтағы осыған қатысты мәселелер бүгін Үкімет отырысында талқыланып жатыр. Толығырақ сол жерде жүрген әріптесімізден сұрап білейік. Қайырлы күн Рухани, тұтынушылар нақты қандай өтініш, шағым білдірген екен?