Ерлан Қарин құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің Ұлттық құрылтайдың II отырысында көтерген бастамаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.
Жиын барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысы атаған тапсырмалар еліміздің мәдени және рухани саласын орта мерзімді перспективада дамытуды көздейтін «Жол картасы» секілді екенін атап өтті. Сондықтан оны жоспарлы түрде, рет-ретімен әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Құрылтай мүшелерінің үш секцияда және пленарлық отырыста көтерген идеялары мен ұсыныстарына зерделеу жұмыстарын жүргізуді, сараптама нәтижесі бойынша оларды қарастырудың Бірыңғай жоспарын әзірлеуді тапсырды.