Қарағанды облысында жас дәрігерлерге арналған бағдарлама пайда болды

Қарағанды обылысында медицина мамандарын қолдауға арналған жаңа бағдарлама пайда болды.

Енді ауылға барып еңбек етемін дейтін жастарға 1,5 миллионнан бастап 5 миллион теңгеге дейін қаржылай көмек беріледі.

«Аймақ басшысы алғашқы 12 дәрігерге арнайы сертификат тапсырды. Бұл бастама болашақта шалғайдағы елді-мекендерде маман тапшылығын шешуге ықпал етеді», - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Алғашқы сертификатты 12 дәрігер алды. Оларға мамандығына қарай 1,5, 3 және 5 миллион теңгеден берілді. Бұдан бөлек ауылға барған жастарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Сіздердің алдарыңызда өте жауапты міндет тұр. Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, халық денсаулығын жақсартуға бар күш-жігерлеріңізді саласыздар деп сенемін. Ал сіздердің алаңсыз еңбек етулеріңіз үшін біз қолдан келгенше барлық жағдайды жасаймыз.

Жаңа бағдарламаның игілігін көрген жас мамандар енді Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарына барып еңбек етеді. Солардың бірі - Сәнім Қапият. Қарағанды медицина университетінің түлегі қазір резидентураның соңғы курсында оқып жатыр.

Сәнім Қапият, жас маман:

- Резидентурада бізде жаңағы ауылдарға барып жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Сол үшін Қарқаралыға қайтып барып жұмыс істеп жүрмін. Осы июльдің кезінде бітіремін үшінші курсты. Қарқаралыда қаламын жұмыс істеуге. 

Ауылға баруға ниет білдірген жас мамандарды қолдау үшін биыл қазынадан 262 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазір шалғай елді мекендерде шамамен 69 маман жетіспейді. Жыл соңына дейін толық қамтимыз деп отыр. Шілде айында алғашқы 25 дәрігер ауылға аттанбақ.

Бибігүл Төлегенова облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ең керекті бізге мамандар ол - жалпы дәрігер, акушер-гинеколог, анестазиолог-реаниматолог, педиатор мен терапевт. Оларға біз көмек бергенде 5 миллион береміз сертификатын. Невропотолог, хирург, офтальмолог, кардиологқа 3 миллион теңге болады. Акушер мен фармацевтке 1,5 миллион көмек көрсетілетін болады.

Айта кету керек, биыл Қарағанды өңіріндегі 92 ауылда медицина нысандары салынады.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар