СҚО-да жол құрылысына сапасыз материал қолданылған

Солтүстік Қазақстан облысында жол құрылысынан 80-ге жуық ақау анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшы мамандар жаңадан салынған асфальт жабындыларын тексеріп, осындай қорытынды шығарды. Олардың айтуынша, кей жерлерде техникалық талаптарға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған.

Жалпы жылжымалы зертхана қызметкерлері 200-ден аса сынама алып, тиісті сараптама жасады.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша жол жөндеу жұмыстарына 20 млрд теңге қарастырылған. Оған 540 шақырым жол қалпына келтіріледі.  

Жолдыбай Тентеков, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК СҚОФ директоры:

- Көбіне жолдың қосылған жері бірдей болмайды. Кей аумақта жаңа төселген асфальт отырып қалған. Сараптама қорытындысы бойынша, тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдардың атына кемшілікті жою жөнінде нұсқау хат жіберіледі.