Жамбыл облысындағы ауылда сапасыз жол қайта салынады
Ал Жамбыл облысындағы Сұрат ауылына салынған сапасыз жол қайта жөнделеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
71 миллион теңгеге 8 көшені асфальттаған мердігер енді сапасыз учаскелерді қайта қырып, жаңасын салуға міндеттелді. Бұған дейін құрылыс компаниясының салғырттығын сол ауылдан сайланған депутат дер кезінде байқаған. Әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазбада тасжолдың қолдың күшімен-ақ үгітіліп жатқанын көруге болады. Ал оны салған компания зауыттан шыққан материалдың сапасыздығын алға тартады. Дегенмен мердігер сапасыз салынған жолды қайта қалпына келтіруге міндетті. Ал аудан билігі ауыл жолдарының әлі де сараптамадан өтпегенін, сол себепті қабылданбағанын алға тартып отыр.
Тәуіржан Алтыбаев, Меркі аудандық мәслихатының депутаты:
- Бұған дейін жақсы төселінген. Ортасында осы құрамы құрыды ма? Сапасы өзгеріп, осы дау-дамайға әкелді. 1 аптадан кейін, міне, қолмен тағы да қопарып отырмыз. Болғанды мойындау керек. Мемлекеттің беріп жатқан жақсылығын елге үлестіре білу қажет деп ойлаймын.
Жасұлан Жантелиев, Сұрат ауылының әкімі:
- Зауыттан шыққан 5 машина асфальт жабындысы қазіргі сапасыз болуына байланысты ақаулар табылды. Ол туралы осы жолды қадағалаушы технадзор тарапынан 2-ші нөмірдегі ұйғарым беріліп. Қазіргі таңда мердігер компанияға жолданды.