«Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи паркінің Лепсі филиалы дронмен қамтамасыз етілді
«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Лепсі филиалы дронмен қамтамасыз етілді.
Орманды әуеден бақылауға арналған бейнетехниканы мамандар тұқымбақтан түскен жеке қаржыға сатып алыпты.
Ұлттық табиғи паркте 30 жылдан бері өрт болмаған екен. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Абай облысындағы алапат өрттен кейін мұнда бақылау күшейтілді. Өртке қарсы қауіпсіздік жолақтары жыртылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоғары өрт қауіптілігі туындаған жағдайда орманға ешкімді кіргізбейді. Қалған уақытта туристік бағыттар ашық. Саяхатшылардың жанында міндетті түрде орман инспекторы және жол сілтеушілер бірге жүреді. Орманшылардың "жалақымызды өсіріп, техниканы жаңалап берсе екен" -деген тілегі бар.
Тауфиқ Бахтияров, "Жоңғар Алатауы" паркінің лепсі филиалының директоры:
- Дронымыз бар, сонымен бақылап отырамыз. Енді басқа жерлерге де сондай дрондар алып берсе, ол кісілерге жеңілірек болар еді. Аң күзетуге, ағашты күзетуге, басқа нелерге, өртке де өте жақсы. Жалақы аздау, жастар институтын, университетін бітіріп, ауылға келгісі жоқ. Енді бізде техника ескілеу. Енді бір 70-80 процент дайынбыз деп айтуға болады.