Қонаевта жағажай инфрақұрылымы жаңартылады

Қонаевта қалалық жағажайлардың аумағы кеңейтіліп, инфрақұрылымы жаңартылады.

Бес шақырымға жуық жер абаттандырылады. Велосипед жолдары ұзартылып, амфитеатр салынады. Арнайы сауда орындары пайда болады. Жаз маусымында Қапшағайдың жағасында демалатындар көп. «Былтыр бір млннан астам адам барған екен. Сондықтан, жағажайды жаңғырту кезек күттірмейтін мәселе», -дейді мамандар. Әсіресе, санитарлық жағдай көңіл көншітпейді. Осы орайда, демалыс орындарына талап күшейеді. Екі бірдей жағажайдағы жұмыстар шілде айының басында аяталады. Жобаны іске асыруға 48 млн теңге жұмсалады. 

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Ең бастысы бұл жағажайлар халыққа тегін болады. Қалада болады. Коммуналдық меншікте болады. Халыққа тегін, ыңғайлы өте. Бір жағынан комфорт болса, екінші жағынан ол адамның суға түсіп, кейін қауіпсіздігіне өте ыңғайлы болады.