«Қазақстан барысы» бөлінген қаржыға қатысты тергеу басталды
«Қазақстан барысы» жарысына бөлінген 1 миллиард теңге қайда жұмсалды?
Қаржылық мониторинг агенттігінің, Алматы қаласы бойынша департаменті ақшаның қаншалықты заңды игерілгенін тексеруді бастады. Сотқа дейінгі тергеу аясында басшылардан, мердігер өкілдерінен, жауап алу, тінту және құжаттарды алу әрекеттері жүргізілуде.