Таразда еріктілер жануарларға қамқор болып жүр
Таразда Вероника Ананьенко бастаған зоо-волонтерлер 6 жылда мыңнан астап жануарды құтқарып қалған.
20 жастағы бойжеткен көше кезген ит-мысықты емдеп, күтім жасайды. Бала кезінен қайырымдылықпен айналысқан ол жануарларға арнап орталық та ашқан. Бүгінде бұл пунктте 200-ге жуық жануар бар. Олардың тамағын алуға қалалықтар көмек береді. Еріктілер қараусыз жануарларды қала көшелері мен тас жолдардың бойынан тауып алады. Мәселен «Қант» атты күшікті көлік қағып кеткен. Салдарынан омыртқасы жарақаттанып, аяқтары істемей қалған. Деседе медициналық көмек пен күтімнің арқасында, күшік аяққа тұрды.
Вероника Ананьенко, ерікті:
- Жануарларлардың күтімі өте үлкен еңбекті қажет етеді. Саны көбейген сайын оларға қарау қиындап барады. Бірақ көмек қолын созатын қала тұрғындары да көбейіп жатыр. Үлкен кісілер немерелерін алып кеп жатады. Түрлі тәттілер дайындайдап алып келетіндер де бар.
евгения умарова, ерікті:
- Мен қазір жануарларсыз өмір сүре алмайтындай болып қалдым. Өзім наубайханашы болып жұмыс істеймін. Дегенмен аптасына бірнеше рет осында келіп тұрамын. Күшіктерді тойдырып көңіл бөлсең, олар еркелеп алғысын білдіреді. Бұл әрине ерекше әсерге бөлейді.