Елімізде қос азаматтығы бар 200 адам анықталды
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Жалпы миграциялық талаптарды бұзған 8 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері, шетелдіктер мен отандастарымыздың, жасанды не бөгде адамның, құжатын қолдану бойынша 150 дерек тіркелген. Жалпы сомасы 2,5 млрд теңге болатын қаражатты, заңсыз тасымалдау бойынша 300 жағдай болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару мен, әскери жар-ақты тасу бойынша 153 деректі тіркеген. Қазір құжаттар тергеу мақсатында ІІМ мен мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімдеріне жіберілді.